Бұл фильм дәстүрлерді сақтау мен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын көрсетеді. Ауылда өскен Айдана қалаға келіп, мұнда Наурыз мерекесі онша қызығушылықсыз атап өтілетінін байқайды. Ол құрбыларына бұл мейрамның жай күн емес, мәдениетіміздің бір бөлігі екенін түсіндіргісі келеді. Бастапқыда қыздар оны түсінбейді, бірақ MEGA-дағы Наурызға барғаннан кейін мерекенің шынайы атмосферасын сезінеді. Ақырында олар дәстүрлердің құндылығын ұғынып, келесі жылы бұл мерекені бірге атап өтуге уәде береді. Фильм дәстүрлерімізді маңызды екенін және олардың болашағы өзімізге байланысты екенін еске салады.